Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ғарыш технологияларының дамуын жоғары бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Қазақстандағы ғарыш күндері» жыл сайынғы халықаралық форумы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚАӨМ) алғаш рет ұйымдастырып отырған «KADEX-18» көрмесі алаңында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20-дан астам елдің (Франция, АҚШ, Жапония, Италия, Ресей, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Беларусь, Украина, Қытай, БАӘ, Корея және басқалар) ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдар өкілдері, ғарышкерлер, белгілі ғалымдар, ғарыштық технологиялар саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың мамандары Қазақстандағы ғарыш форумына қатысу үшін келді.

Форумда сөз сөйлеген Украина ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы (УҰҒА) Павел Дегтяренко Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері еліміздің ғарыш саласын дамытуға ерекше назар аударатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланысты екендігін атап өтті.

«Қазақстанда ғарыш құрылғыларының аз болуы еш қиындық тудырмайды. Ғарыш құрылғыларының (SBIC SC) жинақтық сынақ кешені, ғарыш техникаларының арнайы құрылымдық технологиялық бюросы құрылуда, Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бастысы - дұрыс тәсіл анықталды, ғарыш инфрақұрылымының негізі құрылуда», - деді УҰҒА басшысы.

«Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы басқарылатын ғарыш кешендерінің бас құрылымдаушысы - Бас құрылымдаушының бірінші орынбасары Сергей Романов пен «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы өкілдігінің директоры генерал-лейтенант Леонид Баранов Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында болды.

Airbus Defence және Space еуропалық концернінің Франциядағы бөлімшесінің аға вице-президенті Хьюг Лаппорт-Вейвад қазақстандық ғарышты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазғарыштың 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік медальға ие болды.

Хьюг Лаппорт-Вейвад Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ғарыштық қызмет көрсетудің ең озық техникалық шешімдерін пайдалана отырып, KADEX-2018 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған форумның жоғары деңгейде екендігін атап өтті.

«Осы уақыт ішінде ғарыш саласындағы болашақтағы бірлескен бағдарламалар бойынша қазақстандық басқарма органдарымен көптеген кездесулер, келіссөздер өтті. Форум аясында Airbus Defence and Space  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен KazEOSat-1, KazEOSat-2 жер серіктеріндегі кескіндерді халықаралық таратуға қосымша келісім жасалды», - деді франциялық компанияның басшысы.

Сондай-ақ, Хьюг Лаппорт-Вейвад осы марапатқа ие болу ол үшін үлкен марапат екендігін атап өтті.

Thales Alenia Space франциялық компаниясы Италиядағы бөлімшесінің вице-президенті Джузеппе Матараццо өзінің презентациясында кәсіпорнының табысы туралы айтты. Матараццо KazSa жобасында Қазақстанмен табысты көпжылдық ынтымақтастықты атап өтіп, итальялықтардың осы бірлескен жұмысты мақтан тұтатынын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар