+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Шетелдік профессор қазақстандық дәрігерлердің сұрағына жауап берді

2020 жылғы 7 сәуір 00:07
Бөлісіңіз:
Шетелдік профессор қазақстандық дәрігерлердің сұрағына жауап берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетелдік профессорлар қазақстандық дәрігерлермен коронавирусты емдеу бойынша тәжірибе бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Zoom қосымшасы арқылы өткен онлайн конференцияға ҚР ДСМ өкілдері, аурухана басшылары, дәрігерлер қатысты. Бұл диалогты ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау Ұлттық орталығы ұйымдастырды.

Онлайн алаңда Петах-Тиква ауруханасының анестезиология бөлімінің басшысы, Тель-Авив университеті медицина факультетінің оқытушысы, профессор Леонид Эйдельман жауап берді. Маман науқастарды қандай дәрі-дәрмекпен емдеу, қалай күту, қандай жағдайларда жасанды тыныс алу аппаратына қосу керектігі жайлы сұрақтарына жауап берді.

Олардың айтуынша, қазір әлем дәрігерлерінің өз елінде түрлі азды-көпті тәжірибелері қалыптасқан.

Бірақ халықаралық ДДҰ бекіткен вирусқа қарсы дәрілер хаттамасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, коронавирус балалар арасында өте жеңіл өтетіні дәлелденген.

«Қазір бөлімшелерде жатқан балалардың ең басты проблемасы - қалай уақыт өткізу. Өйткені көпшілігінің іштері пысып жатыр. Сирек кедесетін жайттар бар. Балалар қайтыс болған, қатты ауырған. Америкада жақында жаңа туған бала шетінеді. Ал көбінесе балалар арасында бұл вирус симптомы білінбей өтіп жатыр. Бірақ, жоғарыда айтылған дәрілерді балаларға абайлап қолдану керек. Бұл жағынан көп тәжірибе жоқ», - деді профессор.

Дәрігерлердің айтуынша, жинақталған мәліметтерге сәйкес, 0-10 жас аралығындағы балалар арасында коронавирус өте сирек кездеседі.

Сонымен қатар, профессор басқа да созылмалы аурулармен ауыратын науқастар коронавирус жұқтырған жағдайда оларға ота жасауға болатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT