Шетелдік нөмірі бар көліктерді полицияның тоқтатуына негіз болатын факторлар заңмен бекітілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «Жол жүрісі туралы» Заңға шетелдік нөмірі бар көліктерді тоқтату ережесін қамтитын өзгерістер енгізлуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелдік көліктерді бақылаудың тиімділігін арттыру үшін «Жол жүрісі туралы» Заңға көлік құралын тоқтатуға негіз болатын өзгерістерді енгізу туралы бастама жасалды. Бұл шетелде тіркелген автомобиль иелерінде тіркеу құжаттарының, мемлекеттік нөмірлік белгілердің, жүргізуші куәлігінің, автосақтандырудың болуын және түпнұсқалығын тексеруді қамтиды», - делінген жауапта.

Жауапта мұндай өзгерістің не үшін қажет болғаны туралы түсініктеме берілген.

«Аталған өзгерістер Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде бастамашылық етілді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі кедендік баждар мен басқа да алымдарды төлеуді айналып өте отырып, уақытша әкелінетін шетелдік автомобильдерді заңсыз заңдастырудың жолын кесуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдады», - деп жазады Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар