Шетелдік көлікті тіркеу: Бір күнде 800-ге жуық қоңырау соғылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ІІМ-нің шетелдік автокөлікті тіркеу бойынша тікелей желісі ашылғаннан бері 800-ге жуық қоңырау келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телефондық өтініштер өте көп болды, желідегі жүктеменің шамадан тыс көп болуына байланысты бірқатар азаматтар хабарласа алмады. Консультацияның орташа ұзақтығы шамамен 3 минутты құрады.

Қоңыраулар Қазақстаннан әр түкпірінен үздіксіз келіп түсті, олардың басым бөлігі – шекара маңындағы облыстардан.

«Негізінен қоңырау шалған азаматтар Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелінген автокөлікті тіркеу тәртібіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ тіркеуден өтпеген жағдайда мүмкін болатын зардаптар туралы сұрады. Біз бүгін ертеңгі күнге дейін тікелей желінің шамадан тыс жүктелуі азаяды деп ойлаймыз, өйткені бүкіл ел бойынша «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады»,-деді ІІМ КАП басқармасының бастығы Юрий Козлов.

Бұған дейін, ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу мәселелерін түсіндіру үшін «қауырт желі» телефон желісін іске қосылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.






Соңғы жаңалықтар