Шетелдік көліктер Қазақстан аумағында онлайн тіркелуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің полиция аға инспекторы Ақтоты Боранова шетелден әкелінетін көліктерді онлайн режімде уақытша тіркеу қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелден келген автокөліктерді уақытша тіркеуді онлайн түрде, 24 сағатта, тегін жүргізу қарастырылып отыр. Осы мәселелер оң шешімін тапса, біз осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз», - деді ІІМ өкілі.

Ақтоты Боранова Қазақстан аумағында шетелдік көлік тізгіндеп жүрген жүргізушілер туралы нақты дерек жоқ екенін айтады.

«Қазіргі таңда республика көлеміндегі ешқандай мемлекеттік органда шетелдік автокөліктерді айдайтын жүргізушілер жөнінде толық мәліметтер мен нақты деректер жоқ. Сондықтан, уақытша тіркеу тек жолдағы қауіпсіздікті ғана емес, жалпы полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіне септігін тигізеді»,- деді Ақтоты Боранова

Соңғы жаңалықтар