+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады

2019 жылғы 11 желтоқсан 16:58
Бөлісіңіз:
Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ағзаға мұқтаж науқастың туысы емес адам қандай жолмен донор бола алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да әскери-техникалық мектептің түлектері донор болды

Редакциямызға оқырманнан «Анам бүйрегін ауыстыру керек. Заң бойынша, жақын туысынан басқа адам донор болса – жазаға тартылады екен. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Не себепті генетикалық күйі сәйкес келетін шетелдік адам донор бола алмайды?» деген сұрақ келді.

Оқырман сұрағына қатысты сұраухатымызға Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова жауап берді.

«Әлеуетті реципиентке туыс болып табылмайтын адам медициналық тексеруден өтуден және тіндік үйлесімділіктің болуы шартымен, оның тіндерін (тіндерінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алғаннан кейін донор бола алады. Егер басқа елдің азаматы өз ағзасын қазақстандыққа транспланттау мақсатында беруді қалайтын болса, нотариалдық куәландырылған ағзаларын алуға өтеусіз және ерікті келісім беруі, сондай-ақ жан-жақты медициналық тексеруден өтуі және оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алуы тиіс», - деді Мағрипа Ембергенова.

Фото: nvdaily.ru

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT