Шетелдік инвесторларды заңсыз әрекеттерден қорғау қажет - Алик Шпекбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев инвесторларды қорғау мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнес пен инвесторларды қорғау мәселесіне тағы да назар аударғым келеді. Оларды қорғауға арналған арнайы жоба бар. Бірақ соңғы аптада үш елшіні қабылдадым. Олардың бірі Павлодарда полицейлердің заңсыз ісіне шағымданды. Біздің қызметкерлер араласқанда қылмыстық іс тоқтатылып, шетелдік инвестордың пайдасына шешілген», - деді Алик Шпекбаев «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы отырыста.

Агенттік төрағасы Павлодардағы оқиғаның мән-жайына тоқталды.

«Онда көші-қон, мерзімді ұзартуға байланысты мәселе туындатқан. Ал инвестор өңірге 100 млн долларға дейін инвестиция салуға дайын. Сондықтан, отандық және шетелдік инвесторларға қолдау көрсету қажет», - деді А. Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар