Шетелдік ғалымдарға жеңілдетілген визалар берілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан үздік ғалымдарды жеңілдетілген тәртіптегі визалар арқылы тартады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа көші-қон саясатының мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысы бар және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Мұнда тиісті мәселелер өз шешімін таппақ. Экономика салалары үшін сұранысы бар технологиялар бойынша үздік оқытушылар, үздік ғалымдар, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды жеңілдетілген визалар және 10 жылға тұру құқығымен тарту ұсынылады. Сонымен қатар 300 мың АҚШ доллардан кем емес инвестиция салуды көздеген шетел кәсіпкерлері үшін беретін «Инвесторлық визаны» енгізу ұсынылады», - деді Т. Дүйсенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Әлеуметтік кодексі жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтетінін айтты. Алдағы уақытта көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі.


Соңғы жаңалықтар