Шетелдік ғалымдарды Қазақстанның ауа райы таңғалдырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанға қызылжемсаулы қарашақаздарға белгі салу үшін келген шетелдік ғалымдар өңірдегі ауа райының күрт құбылатынына таңданып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қауымдастығының Facebook-тегі парақшасында жазылды. Қазақстан, Болгария, Ұлыбритания, және Литва ғалымдарының қатысқан шара 9-18 мамыр аралығында өткен болатын.null

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген қызылжемсаулы қарашақаздарға белгі салу жұмыстары «Қауіпсіз ұшу жолы» деп аталатын халықаралық жоба аясында жүзеге асып отыр. Соның арқасында Қазақстанда алғаш рет осы тұқымға жататын 10 құсқа белгі салынып, тіркеуге алынды.

«Мұндай тәсіл құстардың аялдау орындарын анықтауға және ол аумақтарда тіршілік ареалын жақсартуға мүмкіндік береді», - делінген қауымдастықтың ақпаратында.

Шараға қатысқан ғалымдарды бәрінен бұрын мұндағы құбылмалы ауа райы таңғалдырған.

«Алғашқы күндері 35 градус ыстық болса, соңғы күндері ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендеді. Жаңбыр мен екпінді жел тіпті жоспарды өзгертуге мәжбүр етті. Қатты дауылда қарашақаздар аралдар мен тынық орындарды ықтап, азықтануға шықпай қалады. Соған қарамастан 17 құс ұстап, оның 10-ына спутниктікке белгі беретін құрал орнаттық» - дейді аталмыш шараға қатысушы Алексей Тимошенко.

null

Соңғы жаңалықтар