Шетелдік дипмиссиялар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
None
СТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдің бірқатар дипломатиялық өкілдіктері мен Елшіліктер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкілі Теодор Линг пен оның жұбайы Мулиани барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының атынан менің жұбайым Мулиани және мен Сіздерге ең ізгі тілектеріміз бен құттықтауларымызды білдіреміз. Біз осы елде тұрып, жұмыс істеп жүргенімізге өте қуаныштымыз. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен қонақжайлықтарыңыздың арқасында мұнда өз үйімізде тұрып жатқандай сезінеміз. Біз Қазақстанның әлемді, өзара түсіністік пен қауіпсіздікті ілгерілетудегі маңызды рөлін ерекше бағалаймыз», - деді Теодор Линг Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видео-құттықтауда.
Сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің  27 жылдығымен Францияның Қазақстандағы Елшілігі құттықтап, қазақ тіліндегі құттықтау видеосын жариялады. 

Еліміздің тұрғындарын Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен Ресей Елшілігі де құттықтады.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Гиффорд жариялаған бейнеүндеуінде Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ерекше екендігін атап өтті.

«Бұл күн бүкіл қазақ халқының тарихын, Қазақстанның Тәуелсіздікпен бірге тапқан ең маңызды құндылықтарын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл күн барлық қазақстандықтардың жарқын болашаққа үмітін бейнелейді», - деді ол.

«Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі Қазақстан азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Бауырлас халқымызға одан әрі табыстарға жете беруіне, гүлденуге тілектеспіз!», - деп құттықтады Әзербайжан Елшілігі.

Автор: Кәмила Әмірова

Соңғы жаңалықтар