Шетелдік дипломаттар қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әртүрлі елдердің Қазақстанда жұмыс істейтін дипломаттары қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға видео арқылы құттықтау жолдаған дипломаттар қатарында Дулгуун Алтанчулуун (Моңғолия), Логман Мамадов (Әзербайжан), Марта Зубович (Хорватия), Алмус Бектурсынов (Қырғызстан) және Александр Сушевский (Ресей) бар.

Олар өз тілдерінде ақ тілегін жаудырып, қазақстандықтарға бақ-береке, татулық, табыс және бейбіт заман тіледі.

Соңғы жаңалықтар