Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Шетелдік дәрігерлерді таңдағанда нені білу қажет

2019 жылғы 17 сәуір 21:06 465
Бөлісіңіз:
Шетелдік дәрігерлерді таңдағанда нені білу қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Садуақас Байғабылов шетелдік маманға қаралмастан бұрын не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде Семіздік қанымызда жоқ - нутрициолог-маман

Бүгінгі күні еліміз аумағында шығатын бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда шетелдік дәрігерлердің медициналық қызмет көрсететіндігі жайлы хабарландырулар жиі жарияланады.

«Елімізде медициналық қызмет көрсетуді, оның ішінде кеңес беруді жоспарланған барлық шетелдік мамандар ең алдымен клиникалық тәжірибеге рұқсат етілгендігі туралы сертификат алуы тиіс. Осыдан кейін ғана шетелдік дәрігер заңды түрде Қазақстан аумағында медициналық қызметіне кірісе алады. Дегенмен, қазіргі уақытта еліміздегі бірқатар медициналық ұйымда, оның ішінде жекеменшік клиникаларда шетелдік мамандар медициналық қызметпен айналысуға рұқсат алмастан «жасырын» медициналық қызмет көрсетеді», -  деді ол.

Оның атап өтуінше, мұндай «жасырын» медицина мамандарының қызметіне жүгінетін тұрғындар өздерінің денсаулықтарын қауіп тудырады. Себебі «бір күндік» шетелдік мамандар бір қаладан екіншісіне «көшіп» жүреді.

«Сапасыз медициналық көмек көрсетілген немесе денсаулығына зиян келген жағдайда тұрғын оған қайта жүгіне де, шығынын өтей де алмайды. Себебі олар бұл уақытта басқа өңірде жүреді не Қазақстаннан тысқары шығып кетеді. Ал «жасырын» шетелдік дәрігердің «қателігін» түзеу, оңалту процедурасы отандық дәрігерлердің иығына артылады», - деді департамент басшысы.

Осы ретте ол елордалық тұрғындарға шетелдік дәрігерге қаралмастан бұрын  оның ел аумағында медициналық қызмет көрсетуге сертификатының бар-жоғын тексеруге кеңес береді.

«Осыған орай, елорда тұрғындарын шетелдік дәрігердің жазылуына жазылмас бұрын оларда маманның клиникалық тәжірибені жүзеге асыруы үшін сертификаты бар-жоғын  сұрауға шақырамыз. Сертификат 5 жылға береді және Қазақстан аумағына жарамды болады. Департамент 2018 жылы шетелдік мамандарға 33, ал жыл басынан бері 10 сертификат берді. Шетелдік дәрігерлерді таңдауда абай болыңыздар», - деді Садуақас Байғабылов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT