Шетелдік беделді жас ғалым қоршаған орта бойынша мұғалімдерге зерттеу курсын өткізуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - National Geographic Qazaqstan журналының шақыруымен алғаш рет Қазақстанға келген National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы, қоршаған ортаны қорғау ғылымына маманданған оқытушы, жас ғалым Алишиа Прессел Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері үшін «Young Explorers-2022» зерттеу курсын өткізіп жатыр.

Төрт күндік курс барысында «5 E моделі арқылы бағдарланған-проблемалық оқыту», «Global «Plastics Pollution – пластикпен ластану мәселелері», «GeoInquiry процесі және зерттеу сұрақтарын қалай құру керек?», «StoryMaps технологиясын енгізу» тақырыптарында қызықты практикалық дәрістер өткізу жоспарланған.

Ол – National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы.

Бұл марапат әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілерге планетамызды сақтау үшін қоршаған орта проблемаларын ғылым, білім және көрнекі баяндау (сторителлинг) арқылы қалың көпшілікке жеткізу жолында атқарып жүрген қажырлы еңбегі мен күш-жігері үшін беріледі.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласының Creekside High School мемлекеттік мектебінде қоршаған орта ғылымы жөніндегі оқытушы болып жұмыс істейтін Алишиа Прессел *- National Geographic Emerging Explorer конкурсының 18 жылдық тарихында оқытушылар арасында осы марапатқа ие болған екінші адам.

Ол сондай-ақ National Geographic Society жанындағы мұғалімдердің консультативтік кеңесінің мүшесі, сертификатталған оқытушы.

Алишиа Пресселдің Назарбаев Зияткерлік мектептерінен кейін «Өрлеу» ұлттық біліктілік көтеру орталығы» АҚ қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізуі де жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар