Шетелдік БАҚ Ұлытауда өткен «Жезкиік» фестивалі туралы жазды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Танымал «ElUniversal» және «La vozde Michoacan» газеттері, опера өнері жайында жазатын аустриялық «NewMerker» халықаралық журналы және т.б. елдердің көптеген басылымдары шілде айында Ұлытауда өткен «Жезкиік» этникалық музыка фестивалі туралы жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

ElUniversal-да жарияланған мақала авторы фестиваль Қазақстанның киелі жерлерінің бірі - Ұлытауда өткенін жазады.

«Ұлытау өңірі Орталық Қазақстанның шөлейт аумағында орналасқан. Онда неолит  дәуірінде осы аймақты адамдардың мекендегенін дәлелдейтін археолоиялық іздер қалған. Ұлытау қорығы, оның табиғаты мен ландшафты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік жәдігерлерінің тізіміне енген. Қазақстан билігі бұл өңірде туризмді дамытуға күш салуда», - деп жазады басылым.

Мексикалық басылымда жарық көрген мақалада Hoverna поляк ұжымының өнері ерекше бағаланады. Басылым Квартет фестивалінде дәстүрлі мексикалық «сон харочо» стилінде «Ла Бамба» әнін шырқады дейді.

Ал аустриялық мамандандырылған «NewMerker» журналы мен халықаралық «Online-Merker» мәдени интернет-порталы Ұлытаудағы фестиваль жайында арнайы репортаж жариялады. Басылым корреспонденттері аустриялық опера әншісі Анна Рианның өнерін ерекше бағалайды.

Мәтінде «Жезкиік» тарихи мекен Ұлытауда өткені туралы мәліметтер қамтылған.

«Фестиваль ұйымдастырушылары шараны өте жоғары деңгейде өткізді», - дейді onlinemerker.com сайтындағы мақаланың авторы.

Автордың айтуынша, Жезқазғанда болған классикалық музыка кеші халықаралық  деңгейде өткен. Себебі шараға 17 елдің өкілдері қатысқан. 

«Аталмыш фестиваль халықаралық достастықтың айқын көрінісі іспеттес болды. Қабылдау өте жоғары деңгейде өтті. Музыканттар өзара тіл табысып кетті», - делінген мақаланың мәтінінде.

Айта кетсек, «Жезкиік» этникалық музыка байқауы 13-14 шілде күндері Ұлытау өңіріндегі Болатсай жерінде өткен болатын. Жапония, Шотландия, АҚШ, Перу, Ресей және т.б. сынды 11 елдің ансамбльдері сахнада классикалық және халық композияциялары бойынша өнер көрсетті. Фестивальді 6 мыңнан астам қонақ тамашалады.

Соңғы жаңалықтар