+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус табылған жоқ

2020 жылғы 29 қараша 12:00
Бөлісіңіз:
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус табылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1 337 жолаушы ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз - 93 адам келген. Оның бәрі - ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 813, анықтамасыз - 7

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен - 387, анықтамасыз - 61

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен - 44, анықтамасыз – 25.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді.

Бүкіл 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT