Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні Қазақстан аумағына Қытай, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте барлығы 1 941 жолаушы ұшып келген. Оның 1 725-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 216 азамат ПТР-анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
Алматы қаласының әуежайына – шетелден барлығы 6 рейс қонды, 1 169 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 1 042, анықтамасыз - 127;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз - 89;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, 14 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР азаматтарының тест нәтижелері белгілі болды. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.
Еске салсақ, өзге елдерден әуе көлігімен келген қазақстандықтардан коронавирус індеті күнде дерлік анықталуда. К еше ғана халықаралық рейстердің 2 жолаушысынан қауіпті инфекция табылған еді.- Оралда қатты аяз: 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
- Қазақстанда тағы 74 адам коронавирус пневмониясына шалдықты
- Түркістан облысының Жеткіншек ауылында жерасты суы көтеріліп, қауіпті жағдай туындады
- Коронавирустан елімізде бір тәулікте 700-ге жуық адам жазылды
-
Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды
-
Тағы 3 өңір мектептерінде оқулар тоқтатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам