Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, елімізге барлығы 2 824 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 2 461 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 363 жолаушы ұшып келген, барлығы – ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – барлығы 10 рейс, 1 633 жолаушы келді, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз - 143;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз - 220;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;

- Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 19 желтоқсанында анықтамасыз келген Қазақстанның 237 азаматының ПТР-талдау нәтижесі дайын болды, 3 жолаушыда коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфуркт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар