Шетелден уақытша әкелінген 125 көлік анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға Грузия мен Әзербайжаннан уақытша көлік әкелу жағдайлары жиілеген. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай рейдтік шаралар өтті. Қазіргі таңда 125 автокөлік анықталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Айта кетсек, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары өз бойынша шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет.

Комитет уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік рәсімнен және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар