Шетелден турист тартқан операторларға қанша субсидия төленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туристік операторларға әрбір шетелдік турист үшін 15 мың теңге субсидия төленбек. Ол үшін шетелдік ел аумағында кемінде 5 күн демалуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда қазақстандық туроператорлардың жұмысы сыртқы туризмге бағытталған. Бұдан былай туроператорларды іштен сыртқа емес, сырттан ішке турист тартуға ынталандырамыз. Ол үшін халықаралық тәжірибе негізінде елге әкелген әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға 15 000 теңге субсидия төленеді. Ол турист Қазақстан аумағында кемінде 5 күн болуы керек. Сонда туристік операторлар туристен де ақша табады, мемлекеттен де субсидия алады. Мысалы, туроператор Қазақстанға турпакет құрамында 1 000 шетелдікті әкелсе, ол мемлекеттен 15 млн теңге алады», - деді Дастан Рыспеков.

Комитет төрағасы туроператорлар бұл қаражатты шетелдік әріптестермен өз әріптестігін одан әрі нығайтуға бағыттай алатынын түсіндірді.

«Бұл қаражатты олар елімізге турист тарту жөнінде келісім жасасу үшін халықаралық көрмелер ұйымдастыруға, өздері басқа көрмелерге қатысуға пайдалана алады», - деді комитет басшысы.


Соңғы жаңалықтар