+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Шетелден оралған қазақстандықтар өзге елде жүргізілген ПТР тестілеуді көрсете алады

2020 жылғы 26 мамыр 16:40
Бөлісіңіз:
Шетелден оралған қазақстандықтар өзге елде жүргізілген ПТР тестілеуді көрсете алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың №37 Қаулысында рұқсат берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанға Минскіден келген екі әуе жолаушысы ПТР тестілеуден бас тартты Коронавирус мутациялана бастады: Жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілді ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктер ұшаққа отыра алмайды – апталық шолу

«10 мамырдағы №36 Қаулыма өзгерістер енгізіп, 22 мамырда №37 Қаулымды шығардым. Қаулы бойынша біріншіден, шетелден әуе рейсімен келген адамдар, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан бес күннен кешікпей өтуіне берілген ПТР нәтижесі теріс анықтама болса, бұл адамдар 14 күнге үйде оқшауланады. Олар COVID-19 тексерілу үшін 2 күн стационарға жатқызылмайды. Екіншіден, жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмысы қайта басталды. Біз оған рұқсат бердік», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау миинстрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Яғни, жаңа Қаулы бойынша әуежайларда өзге елде жасалған ПТР тесті нәтижесі өз күшінде болады.

«Өзге елде жасалған ПТР анықтамаларын мойындау - қазақстандықтарды елге қайтару шараларының бір бөлігі. Яғни мемлекет әлі күнге дейін елге оралғысы келетін азаматтарды қайтарып жатыр. Олардың көпшілігінде шет елдерден алынған ПТР анықтамасы бар. Бәрін карантиндік стационарға жібермеу үшін сол анықтамаларды қабылдаймыз. Бұл рұқсаттама тек қана әуежайларда берілген, әуе рейсімен келген азаматтардың ғана шетелдік ПТР анықтамасы қабылданады», - деп түсіндірді А. Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT