Шетелден көлік сатып алғысы келген көкшетаулық алданып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғыны жоқ машина үшін 4 миллион теңгеден астам қаржы төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға арыз түсірген.

«Ер адамның сөзінше, ол 2019 жылдың желтоқсан айында облыс орталығының тұрғынына, яғни, бұған дейін бір ретте бетпе-бетпет кездеспен адамның банктегі есеп-шотына 4 миллион 200 мың теңге ақша аударған. Күдікті зардап шегушіге бұл ақшаға шетелден автокөлік жеткізіп беруге уәде берген. Кейін қолына ақша тиген күдікті байланысқа шықпай қойған», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны анықталды.

«Қазіргі кезде, ҚР ҚК 190 бабы бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар