Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
2022 жылғы 13 тамыз 15:06

Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 11-12-тамыз күндері Тараз қаласындағы «Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестивальға 8 шетелден келген өнерпаз қандастарымыз қатысты.

Фестиваль 11 тамызда жұмысын бастады. Бұл күні қолөнершілер бұйымдарын көрмеге орналастырды, одан бөлек барлық қатысушылар көне Тараз қаласының мәдени-тарихи жерлерімен танысып, Жамбыл облысының әкімінің қабылдауында болды.

12 тамызда қатысушылардың барлығы әр аталым бойынша күні бойы өнер көрсетті. Атап айтқанда, фестиваль аясында вокал-дәстүрлі ән айту, жыр мүшәйрасы, терме мен күй сайысы және қолөнер номинациялары бойынша 35 үміткер бақ сынасты.

Айта кету керек бұл фестивльге қатысуға барлығы 140 үміткер тіркелді. Өнер фестиваліне Түркия, Иран, Моңғолия, Қытай, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерден өнерпаздар іріктелді.

Халықаралық өнер сайысының бас жүлдесін Ресейден келген қолөнерші Айнагүл Барамбаева (500 000 теңге және телевизор) иеленді.

Байқау жеңімпаздары:

І) Жамбыл атындағы «Терме мен Күй» номинациясы бойынша

І орынды (300 000 теңге) - термеші Жаңғар Мамбетназаров (Өзбекстан);

ІІ орын (200 000 теңге) - термеші Нұрсалиев Жанайдар (Ресей)

ІІІ орын (100 000 теңге) - күйші Байзуллаев Арман (Ресей).

ІІ) Роза Бағланова атындағы «Вокал, Дәстүрлі ән салу» аталымы бойынша

І орын (300 000 теңге)- Нұршат Зейіпхан, (Қытай)

ІІ орын (200 000 теңге)- Кдырова Инеш, (Украина)

ІІІ орын (100 000 теңге)- Рустам Русланов, (Қырғызстан)

ІІІ) Абай атындағы «Мүшәйра» аталымы бойынша

І орын (300 000 теңге) - Тілектес Ақылбекұлы, (Моңғолия)

ІІ орын (200 000 теңге)- Мырзатхан Танжира, (Моңғолия)

ІІІ орын (100 000 теңге) - Абдіқалиев Мейрамбек, (Өзбекстан)

ІV) «Қолөнер» аталымы бойынша

І орын (300 000 теңге) - Шалақ Қадифен, (Иран)

ІІ орын (200 000 теңге)- Ырыстанұлы Базар, (Түркия)

ІІІ орын (100 000 теңге) - Ханжарбай Сетерхан, (Моңғолия)

Одан бөлек Шерхан Мұртаза атындағы көрермен көзайымы онлайн дауыс беру бойынша термеші Дәурен Құралбек (Қытай елінен) сыйлыққа (400 000 теңге) ие болды.

Осымен 5-ші рет өтіп отырған дәстүрлі фестиваль, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Гала-концертке облыс әкімі Нұржігітов Нұржан мырза мен облыс пен қала ресми өкілдері қатысты.

Сондай-ақ фестивальдің бас демеушісі: Тараздағы «Qazaq Soda» компаниясы өкілі Мехмет Латиф Чайхан мырза, «Шерхан Мұртаза» атындағы қайырымдылық қорының өкілі Мадина Карымбаева,

«Абай-Жидебай» қорының өкілі Қосыбаев Мирас қатысты. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының сыйлығы Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Бәйел табыс етті.

Халықаралық фестивальге қатысушы қандастарымыз атажұрт Қазақстанға деген ең шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ жүрек тілектерін жеткізді. Қазақ ұлттық өнерін шетелде дәріптеп, сақтап жүрген өнер адамдары үшін осындай іс-шаралар баға жетпес мүмкіндік екенін атап өтті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT