Шетелден әкелінетін әйнектердің сапасын тексеретін арнайы комиссия құру қажет

None
None
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шетелден әкелінетін әйнектердің сапасын тексеретін арнайы комиссия құру қажет. Бұндай ұсынысты бүгін «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті жанындағы  Мемлекеттік сатып алулардың  қазақстандық  үлесін мониторингілеу және   бақылау  жөніндегі  қоғамдық комиссияның   бірінші   мәжілісінде «ҚазҚұрылысӘйнек» компаниясының президенті Мұратхан Тоқмәди жасады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық өндіруші компаниялар өндіріс материалдарын шығарып жатыр. Біз соны қолдануымыз керек. Әрине өндіріс материалдарын алған кезде ең басты мақсат сапа мен баға болуы шарт. Бүгінгі күні біздің шығарған әйнектеріміз шетелдік компаниялардың өнімдерінің сапасымен бірдей. Бірақ кейбір отандық құрылыс компаниялары әлі күнге дейін шетелдік компаниялармен жұмыс істеуде», дейді М.Тоқмәди.

Оның айтуынша, шетелдік компаниялардың әкеліп жатқан тауарлары біздің стандартқа сәйкес келмейді. Сондай-ақ елорданың құрылыстарына қолданылып жатқан осы әйнектер Астананың аязына шыдас беруі де нашар көрінеді.

«Мемлекет басшымыз  энергия қуатын  үнемдеуіміз қажеттігін және қауіпсіздік мәселесін баса айтқан болатын. Энергия қуатын үнемдеу үшін жылу ұстайтын материалдар қолданылуы керек. Ал әйнектер ең қауіпсіз материалдардың бірі болып саналады. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде қауіпсіз әйнектер қолданылады. Бізде де осыған қатысты, заңдар, стандарттар қабылданған. Дегенмен үлкен құрылыс компаниялары оны қолданбай отыр. Ондай болса біздер не үшін үлкен зауыттар салдық, мол несие алдық? Ал енді зауыт салып алып, әлі күнге дейін әйнектердің 80 пайызын сырттан әкелсек онда қандай жұмыс, қандай қазақстандық мазмұн болады? Сондықтан мен осы мәжілісте шетелден әкелінетін әйнектердің сапасын тексеретін арнайы комиссия құру қажеттігін баса айттым», деді ол.

Соңғы жаңалықтар