Шетелден әкелген көлікті «цирфлық нотариат» арқылы рәсімдеуге бола ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелден әкелген көлікті «цирфлық нотариат» арқылы рәсімдеуге бола ма? Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековке орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистер вице-министрден шетелден әкелінген көліктерді цифрлық нотариат арқылы рәсімдеу жолға қашан қойылатынын сұрады.

«Егер көлік Қазақстан аумағында болса, ешқандай проблема жоқ. Еліміздің басқа бір қаласында отырып цифрлық нотариат арқылы көлікке сенімхат рәсімдей аласыз. Ал басқа мемлекетте болса, сол мемлекетте рәсімделетін болады. Ал Қазақстан ішінде онлайн қоңырау шалу арқылы сенімхат рәсімдеуге ешқандай кедергі жоқ. Ол сенімхатты басып шығарудың да қажеті жоқ. eGov mobile қосымшасы арқылы көрсетіп-ақ жүре бересіздер», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол «цифрлық нотариат» жобасының аясында сенімхаттан басқа қандай нотариалдық қызметтер электронды алаңға көшірілетінін айтты.

«Ерлі-зайыптылардың бірінің келісім рұқсаты қажет болатын рәсімдер бар. Мысалы, көлік немесе үй сатып алсаңыз, жұбайыңыздың нотариуспен расталған келісімі керек. Электронды сенімхаттан кейін осы қызметті онлайн режимге шығарамыз. Осылай кетек береді», - деді Бекболат Молдабеков.


Соңғы жаңалықтар