Шетелдегі қазақтардың 71 орталығымен меморандум жасалды – «Отандастар» қоры

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет елдерде 250 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді. «Отандастар» қоры оның 71-імен меморандум бекітті. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде қоғам 4 бағытта жұмыс атқарады. Бірінші, шетел қазақтарының ұлттық бірегейлігін сақтау мақсатында мәдени-гуманитарлық жобалар ұйымдастыру. Екінші, елімізге көшіп келген қандастарымызға қоғамға бейімделуіне жәрдем жасау. Үшінші, шетелдегі қазақтардың әлеуметтік ахуалы мен отандастарымызбен жұмыс жасаудың халықаралық озық тәжірибесін зерттеу. Төртінші, шетелдегі қазақ жастарымен байланыс орнату, оларды Қазақстанға тарту», - деп атап өтті М. Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, келесі жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 30 жылдық мерейтойы болады. Оның аясында үлкен құрылтай өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, әртүрлі мәліметтер бойынша шет елдерде 5-7 млн қазақ тұрады. Қазір нақты санын айқындау үшін зерттеу жүргізіліп жатыр.

«2018 жылы «Отандастар» қоры құрылған сәттен бастап, шетелдегі қазақтарды біріктіретін ұлттық мәдени орталықтарды түгендеу жұмыстарына белсене кірісті. Ол жұмысқа Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктері де үлес қосты. Соның нәтижесінде әлемде 250-ге жуық қазақ мәдени орталықтары бар екені, оның 150-і белсенді жұмыс істейтіні анықталды. Бүгінде олардың барлығымен байланыс орнатылып, 71 орталықпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойыды», - дейді М. Сарбасов.


Соңғы жаңалықтар