+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды

2019 жылғы 3 желтоқсан 17:46
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қорының» ғылыми-сараптама кеңесі шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шараларын талқылады. Бұл жөнінде қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan партиясы қандастардың мәселесін шешуге атсалыспақ Қазақстанда «оралман» термині «қандас» деп ауыстырылды Министр этникалық қазақтарға азаматтық берудегі өзгерістер туралы айтты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының «Қоғамдық сананы жаңғырту және шетелдік қазақтар» V-ші құрылтайында отандастарды жан-жақты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеуде.

Кешенді шаралар шетелдегі қазақтарға мәдени-гуманитарлық қолдау көрсету және репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуіне қажетті жағдайлар жасаудың негізгі бағыттарын белгілейді. Осыған байланысты жақында өткен ғылыми-сараптамалық кеңес шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдарды талқылады. Сонымен қатар, шеттегі және елге келген ағайындарды қолдау саласында қолданылатын терминологиялық аппарат бойынша ұғымдарды талқыға салды.

«Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеудің қажеттілігі шетелдегі қазақтарды және репатриацияны қолдау процестерін реттейтін өзара байланысты бірыңғай кешенді бағдарламалық құжаттардың болмауынан туындайды. Кешенді шаралар мақсаты – бүкіл әлем қазақтарының тарихи және этникалық Отанының айналасында шоғырлануына ықпал ететін шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдау. Шетелдік қазақтарды қолдау саясаты соңғы уақытта қазақ тілін қолдану салаларының тарылуына және шетелде тұратын қазақтардың ұлттық өзіндік болмысының біртіндеп жоғалуына және олардың ассимиляциялануына байланысты айтарлықтай өзекті. Сарапшылардың пікірінше, ассимиляцияның нәтижесінде біз орны толмас жағдайға ұшырап, жақын арадағы 10-15 жылда қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретіндегі шетел қазақтарынан айырылуымыз мүмкін. Осы ретте, қазақтар тұратын елдерде қалыптасқан әртүрлі ахуалдар – ана тілін үйрену мен қолдану кеңістігінің шектелуі, салт-дәстүр мен мәдениетті, этникалық бірегейлікті жоғалту қатерлері шетелдегі қазақтарды қолдауды күшейтудің кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеу қажеттігін туындатып отыр», делінген баспасөз баянында.

«Отандастар қоры» КЕАҚ өкілі Н. Жәлиевтің айтуынша, бұл үрдіс ең алдымен, өңірлік демографиялық әртүрлілікті ескере отырып, этникалық компонентке негізделген көші-қон саясатының жаңа моделін іске асыру қажеттігін өзектендіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT