Шетелдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына қатыса алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары шет елдерде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз ықзметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 21 қазандағы №439 Жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады», делінген ведомствоның Telegram каналында.
Министрлік шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұрайды.


Соңғы жаңалықтар