Шетелдегі қазақстандық туристер Қазақстанның қай қалаларына жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков шетелдегі қазақстандық туристердің Қазақстанның қай қалаларына оралатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«18-23 наурыз аралығында қазақстандық туристерді елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс қарастырылған. Оның 14 чартерлік рейсі ұйымдастырылып, 2 818 адам елге қайтарылды», - деп атап өтті Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, чартерлік рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге де қалаларға ұйымдастырылып жатыр.
«Мәселен, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен Атырау, Қостанай қалаларына рейс ұшырылды. Ақтөбе қаласына да бірнеше рейс қарастырылған», - деді Дастан Рыспеков.
Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік операторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған. Оларды қайтару үшін 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған.
Бұған дейін Дастан Рыспеков туристік жолдамалар құнының қалай қайтарылатынын айтып берді.
- БҚО-дағы ауылда карантин күшейтіліп, санпостар қойылады
- Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды
- QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
- Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
-
Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
-
Алматыда коронавирусқа вакцинация жалғасып жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам