Шетелдегі қазақ тұлғаларының зираттары ерекше күтімге алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағынан тыс жатқан қазақ тұлғаларының зираттары ерекше бақылау мен күтімге алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов мәлімдеді.

«Шетелдерде де мәңгілік мекенін тапқан қазақ тұлғалары аз емес. Алдағы жоспарларымыздың бірі - қазақ жерінен тыс жерленген тұлғалардың зираттарының ауқымын анықтау. Қазір арнайы тізім жасақталды. Зираттарды ерекше күтіп, бақылауға алуды біздің министрліктің және Қазақстандағы басты мәдениет, ғылым органдарының парызы деп санаймыз», - деді Ә. Жоламанов елордада өткен «Рухани қазына» фестивалінің ашылуында.

Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, арнайы жобалар дайындалуда.

«Қазіргі уақытта экспедициялардың құрамы анықталды. Ғалымдар зираттармен шектеліп қалмай, сонда өмір сүретін қазақ диаспораларының музыкасы мен фольклорын жинақтайды. Сонымен бірге, қазақстандық ғалымдар архивтермен де жұмыс істеп, табылған материалдарды қазақ ғылымының айналымына қосуды жоспарлап отыр. Экспедиция биыл Ресей мен Өзбекстаннан басталады. Әсіресе, көршілес Ресей елінде, Өзбекстан, Түрікмен жерінде, Қытайда бар. Мұстафа Шоқай атамыз алыстағы Германияда жатыр. Әрине, қазақ тарихына байланысты барлық елді қамтығымыз келеді», - деді Ә. Жоламанов.

Соңғы жаңалықтар