Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

2019 жылғы 10 шілде 14:19 1389
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептері» базасында шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған бірінші «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі апталық жазғы мектепте балалар ана тілін үйреніп, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін зерделейді.

Жиынға Ресей, Иран, Моңғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде тұратын 150-ге жуық бала жиналды. Оларды ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қарсы алды.

null 
null 
null
null  

Жазғы мектеп «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған.

«Әлемде 16 млн-ға жуық қазақ өмір сүрсе, оның үштен бірі шет елдерде тұрады. Өзім көптеген елдерге барып, шеттегі қазақтардың өз мәдениетін, салт-дәстүрін, тамырын білмейтінін байқадым. Әрине, олардың кінәсі жоқ, себебі өзге тілде білім алады. Біздің басты міндетіміз - әлем бойынша ұлтымызды сақтау. Сондықтан, балаларға жазғы мектеп ұйымдастыруды бастадық. Алдағы уақытта балалар санын 4 мыңға дейін көбейткіміз келеді», - деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

null
null  

Балалар елорданың басты туристік нысандары - ЭКСПО орталығын, Бәйтеректі, Тұңғыш Президент кітапханасын, Әзірет Сұлтан мешітін, Бейбітшілік жәнен келісім сарайын аралайды. Сонымен бірге, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне, «Алжир» музейлік-мемориалдық кешеніне, ашық аспан астындағы «Бозоқ» археологиялық-этнографиялық музейіне, «Родина» агрофирмасы мен «Аққайың» тәлімбағына бару жоспарланған. Ұлттық музейде «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында тарих сабағы өтеді. «Қазақстан Ғарыш Сапарында» балалар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен танысады.

null 
null 

Және оқушылар Назарбаев университетіне, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетке барады.

«Ұлттық аспаптар, қолданбалы өнер, халық биінен шеберлік сыныптары және жаратылыстану-математика бағыты, ротоботехника, дизайн бойынша STEM-оқыту, көшбасшылық пен шешендік өнерден тренингтер өтеді. Қазақстанның мәдени байлығына тереңірек үңілу үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің «Туған елге тағзым», «Қазақтың 100 әні», «100 күй» жобалары көмектеседі. «100 кітап» жобасы бойынша шетелдік қонақтарға кітаптар көрсетіледі», - дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, балалар үшін «Ұлттық аспаптар сағаты», «Ұлттық ойындар сағаты» және ұлттық асхана фестивалі ұйымдастырылады.


null
null  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT