Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы мектеп жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет шетелде тұратын этникалық қазақ оқушылары үшін «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі өз есігін айқара ашты. Мектептің ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов қатысып, жеткіншектерге жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шет елдерде жүрген бауырларымыз - біздің баға жетпес бай қазынамыз. «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз да - жастардың түп қазығын танып, атажұртында тамыр жаюына үлес қосу. Жазғы мектеп қандастарымыздың тарихи Отанымен байланысын нығайтып, xалқымыздың салт-дәстүрін тануына, ана тілін, ел тарихын зерделеуіне жағдай жасауға бағытталған. Бауырларымызды атажұрттың бүгінгі келбетімен танысып, туған жерге деген сағыныш сезімін бассын деген үмітпен жинап отырмыз. Әлемнің 7 елінен келген қандастарымыз үшін ашылған жазғы мектеп жоба қатысушыларының көңілінен шығады деген үміттеміз», - деді Білім және ғылым министрі өз сөзінде.

null

Жазғы мектепті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірге ұйымдастырған. Ол 10-24 шілде аралығында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен қатар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақ елі» шетелде тұратын этникалық қазақ жастары клубы және «Generation Next» ақпарат порталы жазғы мектепті өткізуге қолдау танытып отыр.

null

Жазғы мектепке Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда тұратын қазақ диаспорасынан 12-17 жас аралығындағы 150 оқушы жиналып отыр. Жазғы мектеп бағдарламасы шеңберінде Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндері оқытылып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін музыка, домбыра, қолөнер үйірмелері арқылы ұлттық жәдігерлеріміз зерделенеді.

Сондай-ақ, оқушылар үшін Нұр-Сұлтан қаласының мәдени нысандары мен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады.

null

Соңғы жаңалықтар