Шетелдегі қандастарымызға арналған «Қазақ картасы» атты құжат енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының тұжырымдама жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің басты міндетіміздің бірі - шеттегі отандастар туралы бұрыннан жинақталған мәліметтерді өзектендіріп, жүйелендіру, қосымша зерттеулер жүргізу, нәтижесінде ғылыми тұрғыдан тұжырымдалған еліміздің экономикалық, демографиялық миграциялық мүмкіндіктері негізінде мекендеген елдердегі кәсіби тірлік ерекшеліктеріне сәйкес бизнес модельдеу арқылы шеттегі бауырларымызды Қазақстан Республикасына көшіру, елге келген репатрианттарды бейімдеу, шетелдердегі қазақтарды қолдау тетіктері бойынша диаспоралды саясат бағдарламаларына ұсыныстар әзірлеу», - деді М.Сарбасов «Отандастар» қорының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда, қысқа мерзім ішінде қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының тұжырымдама жобасы әзірленіп, уәкілетті органдарға ұсынылған.

«Болашақ заңнамаға «Қазақ картасы» атты құжат енгізу қарастырылған. Ол өздеріңіз білетіндей, Польшада «Альяк картасы», Түркиядағы «Көк картасы» құжаты сияқты болады. Бұл шетелдегі балаларымызға, қандастарымызға қазақстандықтармен бірдей сайлау мен сайлану құқығынан басқа Қазақстан аумағында емін-еркін жүріп-тұруына, бизнеспен айналысуына, меншік иесі болуға, заңды түрде жұмысқа тартылуына, тегін білім алуға, медициналық қызмет жүйесін қолдануға толық мүмкіндік туғызады», - деді қордың вице-президенті.

Соңғы жаңалықтар