+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шетелдегі қандастарымыз ешқашан назардан тыс қалған емес - Президент

2019 жылғы 2 сәуір 08:58
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қандастарымыз ешқашан назардан тыс қалған емес - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің әр бұрышында жүрген қандастарымызды Атамекенге әкелудің жалғаса беретінін айтты. Бұл туралы Президент «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» басымдарына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру - біздің парызымыз» деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Президент баспана мәселесіне тоқталып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлу қарастырылғанын жеткізді.

«Біз, алдымен әр қазақстандықтың тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаймыз. Сондықтан, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерге назар аудару қажет. Бұл - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы, яғни жылумен және сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, сондай-ақ жолдар, газдандыру мәселелері, экология және қауіпсіздік түйткілдері. «Құтты мекен» және «Ауыл - ел бесігі» жобалары осы міндеттерді орындауға бағытталған. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін алдағы үш жылға триллионнан астам теңге қарастырылып отыр» деді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT