+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

2021 жылғы 25 қаңтар 07:38
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдегі қандастар мен отандастарға арналған қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Жобалар координаторы Дидар Болат, «Тіл қазына» орталығының Әдістеме басқармасының басшысы София Омарова, бас менеджер Нұржан Сейсенбек және екі ұйымның өкілдері қатысты.

Кездесу аясында «Отандастар қоры», «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шетелдегі қандастар мен отандастарға арналған қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды.

Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасау, қазақ тілінің таралу аймағын кеңейту, шет елдердегі қазақтар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Шеттегі қандастарымызға қазақ тілін оқытатын ортақ әдістемелік арқылы 3 бағытта («Абай институты» порталы, «Онлайн» форматтағы курстар, «Офлайн» форматтағы курстар) бірдей оқытылады. Аталған тіл оқыту бағыттарға әдістемелік қолдау көрсетіп, бағдарламалар дайындауға атсалысқан – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ғылыми-практикалық орталығы.

Айта кету керек, курс соңында барлық бағыттың нәтижесі «Қазтест» жүйесі арқылы анықталып, қатысушыларға тіл білу деңгейіне қарай сертификат тапсырылады. 11-18 жас аралығындағы қатысушылардың сертификаттары «Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыратын балалар лагеріне тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT