+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шетелдегі қандастарға арналған онлайн концерт өтеді

2020 жылғы 22 тамыз 12:06
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қандастарға арналған онлайн концерт өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 22 тамызда сағат 21:00-де Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп, «Ұлы дала елінен» атты «TURAN» ансамблі әртістерінің онлайн концертін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда үйдің қабырғасына Жәңгір ханның бейнесі салынды Түркістан ірі ұлттық қолөнер орталығына айналады Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосты

Концерттің мақсаты – музыкалық өнер арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау, қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету, шетелдегі қандастармен байланысты нығайту.

Ансамбль қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен өздерінің үздік туындыларын орындайды. «TURAN» ансамблі ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүр. Он жылдық тарихы бар өнер ұжымы қазақ ұлттық музыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 600-ден астам жеке концерт берген. Ансамбльдің құрамында Серік Нұрмолдаев, Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев сынды талантты мульти инструменталист музыканттар бар. Қазақ халқының отыздан астам ұлттық музыкалық аспабы болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген.

Онлайн концерт Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіледі, баршаға қолжетімді. Бұл бастама ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жүзеге асып отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT