+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтеді

2020 жылғы 25 қыркүйек 15:15
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концертін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету және шетелдегі қандастармен байланысты нығайту мақсатында өтетін концертті Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірге ұйымдастырып отыр.

Бұл жоба 2019 жылдан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді.

«27 қыркүйек күні сағат 21.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тікелей эфирде өтетін онлайн концертте дәстүрлі ән-күй өнерінің белгілі саңлақтары өнер көрсетеді. Онлайн концерт «Отандастар қорының» Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіліп, баршаға қолжетімді болмақ», - деп атап өтеді «Қазақконцерт» ұйымы.

Тікелей эфирде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс өнер көрсетеді.

Әртістер көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT