+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Шетелдегі қандастарға арналған «El.kz» порталының жобасы таныстырылды

2020 жылғы 25 қыркүйек 17:46
Бөлісіңіз:
Шетелдегі қандастарға арналған «El.kz» порталының жобасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып шетелдегі қазақ диаспораларымен онлайн-кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «ҚазАқпарат» ХАА Басқарма төрағасы Асқар Умаров, «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов және 5 елдегі «Абай» мәдени-іскерлік үйлерінің басшылары қатысуда.

Онлайн форматта өтіп жатқан жиын барысында шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар үшін қажетті мәліметтің қолжетімділігін, олардың бір ақпарат көзінен таратылуын қамтамасыз ету және сырттағы қазақтардың тарихи отанымен өзара диалог алаңын қалыптастыру мақсатында «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының жобалары таныстырылды.



«El.kz» порталының бас редакторы Нұргүл Қалиева шетелдегі қандастарды жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

«Отандастар қорымен» бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Бірлескен жобамыздың бірі – ол «El.kz» ақпараттық-танымдық порталынан «Қандастар» парақшасы ашылды. Бұл парақша жалпы, сыртта жүрген қандастарымызға және елге оралған қандастарға арналған. Атап айтқанда, ақпараттық диалог алаңы. Осы орайда байланыс орнатудың жақсы платформасы болады деп сенеміз», - деді Н. Қалиева.


Бұл тұрғыда ол «El.kz» порталы қазақстандық ақпарат нарығында өзінің орнын ойып тұрып алуға қауқарлы екенін әрі беделді ақпарат құралдарының біріне айналғанын атап өтті.

«2019 жылы біздің парақшаның қаралым саны 3 миллионға дейін жетті. Сондай-ақ біз әлеуметтік желіде де белсендіміз. «Қандастар» парақшасы алты бөлімнен тұрады: жаңалықтар, «Атажұрт», «Жас қазақ», «Отандастар қоры», көмек, сараптама. Жаңалықтар бөліміне тоқталсақ, онда дүниежүзі қазақтарының, шетелдегі қазақ-мәдени орталықтарының, қандастарымыздың өткізіп жатқан шаралары жаңартылып, үнемі беріліп отырады. «Атажұрт» бөлімінде елге оралған әрі шетелдегі қандастарымыздың өмір тарихы және басқа да ауқымды материалдар беріледі», - деп нақтылады порталдың бас редакторы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT