Шетелдегі қандастар мәселесі бойынша Израиль тәжірибесі зерделеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар Қоры» КЕАҚ қызметкерлері Израиль мемлекетіне іссапармен барып, шеттегі қандастарды қолдау бойынша сол мемлекеттің тәжірибесін зерделеді.

Аталған іс-шара «Отандастарды Отанына қайтаруды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу» зерттеу жобасы аясында жүзеге асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар мақсаты – тұрып жатқан елдерінде диаспораларды қолдаудың әртүрлі механизмдерінің халықаралық тәжірибесімен, мемлекеттік және басқа бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастардың елге оралуын, қоныс аударуын (репатриация) қамтамасыз ету тәжірибелерімен танысу. Сонымен қатар, елде бейімделуге көмек көрсету және диаспора мәселелері бойынша Израиль мемлекетінің заңнамасын зерделеу.

Осыған байланысты сапар аясында «Отандастар Қоры» қызметкерлері бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Израиль мемлекетінің Алия (репатриация) және интеграция министрлігінің бас ғалымы Владимир (Зе’eв) Ханинмен, осы министрліктің абсорбция жөніндегі кеңесшісі Денис Нераславскиймен, Ашдод қаласы мэрінің орынбасары Эли Нахтпен, репатриация мәселелері бойынша адвокаттар Олеся Мошкович, Натали Аль, сондай-ақ, заң кеңсесінің қызметкерлері - көші-қон құқығының мамандарымен, Израиль бойынша Еврей агенттігінің жаһандық сервис орталығының директоры Йосеф Лейбовичпен (Қазақстандағы «Сохнут» Еврей Агенттігі өкілдігінің бұрынғы басшысы) жүздесіп, нәтижелі әңгімелер өрбіді.

Сапар аясында қызметкерлер шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау тәжірибесін зерттеп, Израильдің жалпы құқықтық базасына талдау жасалды. Шетелдегі отандастарды репатриациялау және қолдау мәселелері бойынша Израиль мемлекеттік саясаты, сондай-ақ елдің көші-қон саясатының ерекшеліктері зерделенді.

«Израиль мемлекетінің тәжірибесі осы саладағы қазақстандық заңнаманы жетілдіруде қолданылатын болады. Сонымен қатар, Израиль тәжірибесі негізінде репатрианттарға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарға қатысты қолдау жүйесін жетілдіру, балалар және жастар бағдарламаларын әзірлеу, репатрианттарды «абсорбция кәрзеңкесі», медициналық сақтандырумен және репатрианттарға қатысты өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз ету тәжірибесін, қазақстандық заңнаманың ерекшеліктерін ескере отырып, қолдану қажет», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар