Шетелдегі 5 млн. қазақ білімі мен тәжірибесін Отанының игілігіне жаратуға дайын - Ертолқын Гайретуллах, Түркиядағы кәсіпкер қазақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы шетелде жүрген қандастарымыздың да қызығушылығын туғызып жатыр.

Қазақстан үшін маңызды саяси-экономикалық үдерістер туралы ойын шетелде жүрген қандастарымыз да білдіруде.

Түркиядағы кәсіпкер қазақ Ертолқын Гайретуллах жырақта жүрсе де әрдайым Қазақстан жаңалықтарына құлақ түріп, көз салып отыратынын жеткізді.

«Ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде дамудың сара жолына түсіп, озық 50 елдің арасында төбе көрсетіп үлгерген Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін жақындағы көршілері ғана емес, алыстағы өзге елдер де түгел мойындап үлгерді. Бұл, әрине, тағдыр талқысымен әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылған шетелдегі 5 миллион қазақ үшін де зор қуаныш. Біз жырақта жүрсек те әрдайым Қазақстан жаңалықтарына құлақ түріп, көз салып отырамыз», - деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, Әлемнің өзге елдері жаһандық қаржы дағдарысынан ес жия алмай, әрі-сәрі күй кешіп отырғанда «Нұрлы жол» Стратегиялық бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асырудың түрлі тетіктерін жасап, жаңа өзгеріске бел буа кіріскен Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты бүгінде барлық жұртты өзіне тәнті етіп отыр.

Ертолқын Қазақстан үкіметінің сыртта жүрген өзге қазақтардың да Ұлт жоспарын орындауға атсалысу мүмкіндіктерін қарастырса деген ойын білдірді.

«Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттық топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. ... Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдаланға шақырамын», деген ҚР Президентінің сөзіне мен толық қосыламын. Сонымен бірге Қазақстан үкіметінің сыртта жүрген мен сияқты өзге қазақтардың да Ұлт жоспарын орындауға атсалысу мүмкіндіктерін қарастырса деген ізгі ниетімді білдіре кеткім келеді. Өйткені қызметі, кәсібі мен оқуына байланысты Қазақстанға түпкілікті қоныс аударуды жақын арада жоспарлап отырмаған қандастар шетелде өте көп. Алайда олар өзінің білімі мен тәжірибесін Отанының игілігіне жаратуға дайын», - деді ол.

2
3

Соңғы жаңалықтар