Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық полицейлер шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжат рәсімдеу жөнінде ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егер сіз шетелде оқып, жұмыс істеп немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу немесе ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға келудің қажеті жоқ.

Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, мына құжаттарды ұсыну қажет:

- өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат:

- төлқұжатты ауыстыру үшін - ҚР азаматының төлқұжаты;

- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;

- өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;

- шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

- консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі - 80 күнтізбелік күн.


Соңғы жаңалықтар