Шетелде жүрген 46 қазақстандық Президенттің кадр резервіне қатысып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова «Президенттік Жастар кадр резервіне» іріктеу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта іріктеудің барлық рәсімдері қатаң түрде Президент Жарлығымен бекітілген резервті қалыптастыру қағидаларына сәйкес өтуде. Іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13 212 адам өтті, оның 7 312-сі тіркеу рәсімін толық аяқтады. Үміткерлер ішінде шет елдерде жүрген Қазақстанның 46 азаматы бар. Елден тыс жерде жүрген азаматтар ішінде ең үлкен өкілдік АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Түркия елдерінен болып отыр», - деді А. Жайылғанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік басшысының айтуынша, қазіргі уақытта қатысушылардың құжаттарын қабылдау, тестілеу және қабілетті тексеру сынды іріктеудің бастапқы 3 кезеңі аяқталды.

Төртінші кезеңде сарапшылармен сұхбат өтеді. Оған алдыңғы кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі. Одан кейін Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен табысты өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелеседі. Соның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия ең жоғары балл жинаған кандидаттарды Президенттік жастар резервіне қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар