USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Шетелде сотталған қанша қазақстандық рақымшылыққа ілігеді

2021 жылғы 2 желтоқсан 11:09
Бөлісіңіз:
Шетелде сотталған қанша қазақстандық рақымшылыққа ілігеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев шетелде сотталып, жазасын елімізде өтеп жатқан қанша қазақстандық рақымшылыққа ілігетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат Төрағасының орынбасары ЕҚЫҰ ПА Бюросының отырысына қатысты Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарайды Сенатор әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды күшейтуді ұсынды

Айта кетейік , бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды.

«Әзірленген заң жобасы қаншама отбасыны жақындарымен қауыштыруға себепкер болады. Дегенмен, бұл заң жобасының күші шет елдің үкімімен сотталған, бірақ елімізге экстрадицияланған қазақстандық азаматтарға қолданыла ма? Қазіргі кезде еліміздің түзеу мекемелерінде шет мемлекет сотының үкімімен сотталған 35 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Сол адамдардың қаншасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылықтан үмітті», - деп сұрады сенатор Дана Нұржігітова.

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық 35 адамның шетелде сотталғанын растады. 31-і Ресейде істі болса, қалғандары Беларусьте және Қырғызстанда сотталған.

«Келісім бойынша аталған 35 адамның барлығы Қазақстанға ауыстырылып, елімізде жазасын өтеп жатыр. Рақымшылық бойынша тек қана бір адам ілігіп отыр. Қалған 34 адам аса ауыр және ауыр қылмыс үшін сотталған. Аталған бір адам төрт жылға ауыр қылмыс үшін сотталған еді, сол мерзімнің үш жылы өтіп, бір жылы қалған. Құжат бойынша рақымшылыққа еніп отыр», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT