+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Шетелде оқитын 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің ЖОО ауысты

2021 жылғы 24 қыркүйек 10:52
Бөлісіңіз:
Шетелде оқитын 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің ЖОО ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің жоғары оқу орындарына ауысты. Студенттердің көпшілігі Ресей университеттерінен ауысты. Сондай-ақ бұрын АҚШ, Қытай, Франция, Мажарстан, Чехия, Польша, Түркия университеттерінде оқыған, бірақ Қазақстанда оқуын жалғастыруға шешім қабылдаған студенттер де бар. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Шахтинск қаласында мүгедек балаларды дамыту орталығы  жабылып қалуы мүмкін Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов Білім беру мекемелерін зейнеткерлер күзете ала ма – Сенатор сауалы

«Қысқы және жазғы сессияның қорытындысы бойынша бұрын шетелде білім алған 11 мыңнан астам студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Олар жеңілдетілген ауысу тәртібі бойынша қабылданып, қазір отандық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Мәселен, олар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Нархоз университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да жоғары оқу орындарына қабылданды. Өткен жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан 15 мыңға жуық студент біздің университетімізге ауысты», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, студенттер санының артуына байланысты жаңа жатақханаларды салу және бар жатақханаларды реконструкциялау қарқынын жеделдету үшін тетіктер әзірленді. Осы жылдың соңына дейін елімізде 37 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT