Шетелде Қазақстанның жасанды ұрықтандыру және тіс емдеу қызметтері танымал - ДСМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шетелдіктерді елге шақыруға мүмкіндігі жетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері Денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство сайтына сілтеме жасап.

«Медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде табысты бәсекелесе бастады. Біздің орталықтар Орталық Азия өңірінде жетекші орталықтарға айналды, олар медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді», - деп атап өтті Марат Шоранов.

Спикер Қазақстанда шетелдік азаматтарды жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шақыруға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта осындай қызметтің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілген. Елімізде ядролық медицина, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған 2 томотерапия орталығы және «Гамма-пышақ» кешені жұмыс істейді.

«Шетелдік пациенттер арасында ең танымал қызметтер тізімінде экстракорпоралдық ұрықтандыру және стоматологиялық қызметтер бар», - деп көрсетілген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, медициналық ұйымдарды цифрландыру арқасында емханалардағы кезек 2 есеге қысқарған.


Соңғы жаңалықтар