Шетелде қазақша шығатын БАҚ ассоциациясы құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қордың мақсаты – шетелдегі қандастардың басын біріктіру. Осы орайда БАҚ-тың да рөлі ерекше. Біздегі мәлімет бойынша, әлем елдерінде 88 қазақтілді БАҚ жұмыс істеп жатыр. Ассоциация құрудағы мақсат – қазақша БАҚ-тың аясын кеңейту, шетелдегі қандастарымызға ана тілінде ақпарат алуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар жалпы қазақ тілін дәріптеу. Ассоциацияны құрудың арқасында сырттағы бауырларымыз елде болып жатқан жаңалықтардан тікелей хабардар болып отырады. Яғни Қазақстандағы хабарларды шетелге жеткізу, тиісінше шетелдегі қандастардың тыныс-тіршілігімен қазақстандықтарды таныстыру», - деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Оның айтуынша, шетелдегі БАҚ қауымдастығының жұмыс жоспары бекітіледі.

«Сонымен қатар ассоциация құрамына отандық және шетелдік БАҚ өкілдерін мүше етіп қабылдаймыз. Сол арқылы бірлескен бірқатар шара ұйымдастыру ойымыз бар. Отандық БАҚ пен шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың екіжақты қарым-қатынасын нығайта түссек деген ниет бар. Мысалы, өткен жылы Моңғолиядағы «Kaznews» ақпарат порталы «Үркер» сыйлығын жеңіп алды. Бұл - өте қуантарлық жағдай. Міне, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар