+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Шетелде қалған 444 Қазақстан азаматы елге оралды

2020 жылғы 5 мамыр 15:35
Бөлісіңіз:
Шетелде қалған 444 Қазақстан азаматы елге оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетелде қалған 444 қазақстандық еліне оралды. SCAT әуе компаниясы Мысыр, Чехия, Грузия, Түркия, Үндістан, Польша және Ресей Федерациясынан жолаушыларды жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді Медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын халықтық бақылау құрамыз - Алексей Цой Жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды – Сағынтаев Halyk Arena туралы

«1 мамырда «Мәскеу - Алматы» және «Мәкеу – Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейстер келді. 3 мамырда «Санкт-Петербор – Ақтау – Шымкент» бағытындағы рейстер орындалды. Барлығы 444 қазақстандық Отанына оралды. Олардың көпшілігі - Ресейде білім алып жатқан студенттер», - деді аталған әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

Бұл рейстер Ресейдегі Қазақстан елшілігінің арқасында жүргізілді.

«SCAT ҚР ДСМ мен ДДҰ ұсыныстарын қатаң ұстанады. Әр рейс сайын экипаж салоны мен жолаушылар салоны залалсыздандырылады. Багаж, орындықтар, жиналмалы үстелдер, қауіпсіздік белдіктері, әжетхана бөлмесі арнайы дезинфекциялаудан өтеді», - деді әуе компаниясынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT