+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шетелде есепте тұрған автокөлік иелері полицейлермен кездесті – Қостанай

2020 жылғы 18 қаңтар 00:00
Бөлісіңіз:
Шетелде есепте тұрған автокөлік иелері полицейлермен кездесті – Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе - шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Мәңгілік Абай» атты онлайн телемарафон өтті Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек

Кездесуге қатысқан азаматтардың сұрақтарына Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов пен «Nur Otan» партиясының Қостанай филиалы төрағасының орынбасары Эльдар Күзенбаев жауап берді. Сұрақтардың дені шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу мәселесіне қатысты болды.

«Шетелден сатып алынған әрбір автомашинаға жеке қарау керек. Біздің тарапымыздан қандай да бір жазалау шаралары қолданылмайды. Егер жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса ғана, жауапқа тартамыз. Заң бәріне ортақ», - деп түсіндірді полиция полковнигі.

Алайда бастамашы топ өкілі Диас Нұрмағамбетовтің айтуынша, бұл мәселені Мемлекет басшысына жеткізуді сұрайды.

«Біз көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, тек шығынның көп екенін айтқымыз келеді. Біз тағы да полиция департаментінің өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізуге дайынбыз», - деп атап өтті ол.

Эльдар Күзенбаев қазір «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының фракциясы осы мәселеге қатысты хат дайындап жатқанын, жақын арада орталық аппаратқа жіберілетінін ескертті.

Анатолий есімді облыс орталығының тұрғыны Ресей тұрғынына рәсімделген автокөлікті жүргізіп жүргенін айтты. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский аталған көлік Қазақстан аумағында 1 жыл 30 тәулік ішінде шекарадан шығуы керегін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT