Шетелде Елбасының Жолдауын жақсы қабылдады - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын оң қабылдау байқалады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртқы істер министрлігі ақпараттық әріптестермен бірлесіп, Жолдаудың басымдықтары бойынша материалдар мен арнайы инфографиканы әзірлеу және ұсыну арқылы шетелдік БАҚ-тарға әдістемелік көмек жүйесін ұйымдастырды. Жолдау әлемнің жетекші тілдеріне (жалпы, 20-дан астам тілге аударылды) және шетелдердегі мекемелер, шетелдік ақпараттық әріптестер арасында, халықаралық ұйымдарға, БАҚ-тарға, шет мемлекеттердің сарапшылық/талдамалық алаңдарына жберу үшін таратылды», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Осы ретте Сыртқы істер министрі өзі басқаратын министрлік жүзеге асырған нақты деректерді де келтіріп өтті.

«Бүгінгі күнге дейін Жолдау туралы ақпарат беру мақсатында қазақстандық дипломаттар аккредиттелген елдердің ресми және іскер топтарымен 20-дан астам кездеулер өткізді. Жолдау тақырыбында шамамен 100 материал жарияланып, Ресей Еуропалық Одақ, ҚХР, Сингапур, Жапония, АҚШ, ГФР және басқа да елдердің халықаралық экономикалық құрылымдары мен корпорациялары өкілдерімен 100-ден астам пікір/түсініктеме алынды», - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде шетелде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын оң қабылдау байқалады.

«Жалпы, бүгінгі күнге дейін шетелдік аудиторияның ден қоюы - Мемлекет басшысының бағдарамалық құжатын әлем қауымдастығы тарапынан оң қабылдауын растайды. Түсіндірмелер мен жарияланымдардағы негізгі ой Жолдауда көрсетілген өршіл мақсаттарды іске асыру Қазақстанға әлемнің бәсекеге қабілетті 30-елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді дегенге келіп саяды», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар