Шетелде алған вакцина Қазақстанда жұмыс істеуге жарамды ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзге елде вакцинаның басқа түрін алғандар Қазақстан аумағында, әсіресе қызмет көрсету саласында кедергісіз жұмыс істей ала ма? Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сауалға Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Қазақстан азаматы да, біздің елдің аумағында жұмыс істейтін шетелдік те шетелде вакцина алған болса, екпе алғанын растайтын құжат көрсетсе, вакцинациядан өткен адам болып есептеледі. Яғни, оған қайталап вакцина алудың қажеті жоқ. Бірақ міндетті түрде вакцинация курсынан толық өткенін растайтын құжаты болу керек», - деді комитет басшысы.

Осы шарада Айжан Есмағамбетова вакцинациядан кейін вирус жұқтырған науқастардың қандай екпе түрін алғанын түсіндірген болатын.

«Бүгінгі таңда вакцина алғаннан кейін коонавируспен ауырудың 4 765 жағдайы тіркеліп отыр. Бірінші кезеңнен кейін 2 384 жағдай, екінші кезеңнен кейін 2381 жағдай болған. Бұл жалпы вакцина алғандардың 0,09 пайызы ғана. «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен 2048, екінші компонентімен 2 101 жағдай (0,09 пайыз), Hayat-Vax – 246 және 221 (0,09 пайыз), CoronaVac - 45 және 11, QazVac – 41 және 45 жағдай тіркелді», - деді ол орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде.


Соңғы жаңалықтар