+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шетелде ақша айырбастау пункттері қалай жұмыс істейді?

2020 жылғы 22 қаңтар 17:00
Бөлісіңіз:
Шетелде ақша айырбастау пункттері қалай жұмыс істейді?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат шетелде ақша айырбастау пункттерінің қалай жұмыс істейтіні туралы хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ШОБ субъектілері қандай салықтардан босатылды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды

Ресей

Ресейде банктік емес ақша айырбастау пунктері жоқ. Онда қолма-қол ақшаны тек банктерде ғана ауыстыруға болады. Деректерді тіркеу ережелері бұл елде 2015 жылдан бастап қолданылады. Егер сома 15 мың рубльден асса (90 мың теңгеден жоғары), онда валюта айырбастау пункттерінің тұтынушылары жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек.

Ақша айырбастау пункттерінің көпшілігі сағат 9:30-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері кейбір пункттер кешірек ашылып, 18:00-де жабылады.

2018 жылы Ресейде дедолларизация науқаны аясында көшелерден доллар мен Еуро бағамдары бар табло алынып тасталды.

Беларусь

Беларусьта валюта айырбастау кезінде қолданушылар туралы декректерді 2014 жылдан бастап жаза бастады. Сондай-ақ, валюта айырбастау пункттері тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.

Айта кетейік, олардың негізгі үлесі – банк бөлімшелерінде.

Германия, Нидерланд

Германия мен Нидерландта валюта айырбастау кезінде міндетті түрде паспорт сұратады. Ақша айырбастау пункттері клиенттерді сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Демалыс күндері олардың кейбірі түскі уақытқа дейін жабық тұрады.

Нидерланд әуежайында шамамен сағат 22:00-ге дейін қолма-қол ақшаны айырбастауға болады. Мұнда қызметті негізінен банктік ақша айырбастау пункттері көрсетеді.

Тұтастай алғанда, халықаралық тәжірибе көптеген елдерде валюта айырбастау пункттерінде паспорт сұрататынын көрсетіп отыр. Мысалы, БАӘ, Тайланд, Италия, Чехия мен басқа да елдерде құжатсыз ақша айырбастау мүмкін емес.

Сондай-ақ, көптеген елдерде, Италия, БАӘ, Польша, Грузия, Тайланд мемлекеттерін қоспағанда, ақша айырбастау пункттері күндізгі уақытта жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда банктік емес валюта айырбастау пункттерінде жұмыс уақыты (9:00-ден 20:00-ге дейін) өзгереді және ақша айырбастау операциясын жүргізу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты сұратады. Аэропорттарда, вокзалдарда және шекарадан өткізу бекеттерінде тәулік бойы жұмыс істейтін болады, ірі сауда орталықтарында 22:00-ге дейін валюта айырбастауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Экономика, Қаржы, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT